Құрылғыларға және пайдаланушыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару тәсілдемелері

Қауіпсіздік параметрлерін құрылғының функциялары мен пайдаланушы рөлдері жайғасымынан басқаруға болады. Бірінші тәсілдемесі құрылғыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару, екіншісі тәсілдемесі пайдаланушыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару деп аталады. Бағдарламалардың әртүрлі параметрлерін әртүрлі құрылғыларға қолдану үшін, сіз тіркесімдегі бір немесе екі басқару түрін қолдана аласыз. Microsoft Management Console (MMC) басқару консолі және Kaspersky Security Center Web Console негізіндегі Басқару консолі құралдары құрылғыға бағытталған қауіпсіздікті басқару әдісін іске асыруға жарамды. Пайдаланушыға бағытталған қауіпсіздікті басқарудың әдісін іске асыру үшін тек Kaspersky Security Center Web Console жарамды.

Құрылғыға бағытталған қауіпсіздікті басқару құрылғының ерекшеліктеріне байланысты басқарылатын құрылғыларға қауіпсіздік бағдарламасының әртүрлі параметрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, әртүрлі басқару топтарында орналасқан құрылғыларға әртүрлі параметрлерді қолдануға болады. Сондай-ақ, құрылғыларды Active Directory-де немесе аппараттық жасақтаманың сипаттамалары бойынша пайдалану арқылы ажыратуға болады.

Пайдаланушыға бағытталған қауіпсіздікті басқару қауіпсіздік бағдарламаларының әртүрлі параметрлерін әртүрлі пайдаланушы рөлдеріне қолдануға мүмкіндік береді. Сіз бірнеше пайдаланушы рөлдерін жасай аласыз, әр пайдаланушыға сәйкес келетін пайдаланушы рөлін тағайындай аласыз және әртүрлі рөлдері бар пайдаланушыларға тиесілі құрылғылар үшін әртүрлі бағдарлама параметрлерін анықтай аласыз. Мысалы, бағдарламалардың әртүрлі параметрлерін бухгалтерлердің құрылғыларына және кадрлар бөлімі мамандарының құрылғыларына қатысты қолдануға болады. Пайдаланушыларға бағытталған қауіпсіздікті басқаруды енгізу нәтижесінде, әрбір бөлім – бухгалтерия бөлімі мен кадрлар бөлімі – "Лаборатория Касперского" бағдарламаларымен жұмыс істеуге арналған параметрлердің өзіндік конфигурациясын алады. Параметрлер конфигурациясы бағдарламаның қандай параметрлерін пайдаланушылар өзгерте алатынын, ал қайсысын әкімші мәжбүрлеп орнатып, бұғаттай алатынын анықтайды.

Пайдаланушыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару жекелеген пайдаланушылар үшін белгіленген бағдарлама параметрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл, қызметкерге ұйымда бірегей рөл тағайындалса немесе белгілі бір қызметкерге қатысты қауіпсіздік инциденттерін бақылау керек болса, қажет болуы мүмкін. Бұл қызметкердің компаниядағы рөліне байланысты, бағдарламаның параметрлерін өзгерту үшін, оның құқықтарын кеңейтуге немесе қысқартуға болады. Мысалы, жергілікті кеңседе клиент құрылғыларын басқаратын жүйелік әкімшінің құқықтарын кеңейту қажет болуы мүмкін.

Сондай-ақ, сіз пайдаланушыларға бағытталған және құрылғыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару тәсілдемелерін біріктіре аласыз. Мысалы, әрбір басқару тобы үшін әртүрлі саясаттарды конфигурациялауға, содан кейін ұйымыңыздың бір немесе бірнеше пайдаланушы рөлі үшін саясат профильдерін қосымша түрде жасауға болады. Бұл жағдайда, саясаттар мен саясат профильдері келесі тәртіпте қолданылады:

  1. Құрылғыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару үшін жасалған саясаттар қолданылады.
  2. Олар саясат профильдерінің параметрлеріне сәйкес саясат профильдерімен түрлендіріледі.
  3. Саясаттар пайдаланушы рөлдерімен байланысты саясат профильдерімен түрлендіріледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу